Accessibility links

Газа аймағында палестиндік сақшылар жарылғыш затты бар бір бойжеткенді тұтқындады.


Ызрайыл-Палестина тұрақтылық сақтау келісімінің бір талабына сай, Палестина автономиясының өкіметі терроршылдықты тыйуы тиіс. Кеше Ызрайыл өз абақтыларында отырған 350 палестиндікті бостандыққа шығаратындығы туралы жариялады. "Хамас" қарулы тобы Ызрайылдің шешімін "болар болмас қана жеңілдік," деді. "Хамастың" мәліметіне сай Ызрайыл түрмелерінде 6 дан 8 мыңға шейін палестиндік қамауда отыр. Ал Ызрайыл сыртқы істер министірі Сильван Шаломның палестиндік тұтқындарды бостандыққа шығару бойынша үкімет отырысының алдында өз ойын былайша білдірді: "Біз кез келген адам өлтірушілерді бостандыққа шығара алмаймыз, немесе ызрайылдықтарды өлтірмек үшін келіп, тек жаралы еткендерді де қалайша босатпақпыз. Олардың абақтыда қалары айдан анық, біз ондайлардың Ызрайыл түрмелерінен өзге жерде жүрулеріне жол бере алмаймыз”. Ызрайыл және Палестина автономиясының бас министірлері Ариэль Шарон мен Махмут Аббастың кезекті кездесуі сейсенбіге жоспарланған.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG