Accessibility links

Германияның экономика және даму министрі кедейлікпен күресті қолға алу керек деп мәлімдеді


Берлин. Бүгін Германияның экономикалық ынтымықтастық мәселелері мен даму жөніндегі министрі Хайдемари Вичорек-Войль “Терроризммен күрес жүргізген сияқты кедейлікпен де дәл сондай күрес жүргізу керек “ деп мәлімдеді. Ол жұма күні аталып өткен Дүниежүзілік тұрғындар күніне орай - кедейлік пен аштық жаппай қырылудың қаруы деп,- мәлімдеді. Оның пікірінше, Ирақты азат етуде АҚШ-тың шығыны 50млд доллар болды, бұл әлемдегі дамып жатқан елдердің қажеттілігіне жыл сайынғы бөлінетін қаржының көлемі. Және ол әлем елдерінің жыл сайын 80 млн-ға көбейіп отырғаны су ресурстары мен шұрайлы жерлерге таласуға әкелетін драмалық қақтығыс болу қаупі бар деді. Шамамен дүниежүзінің 99 процент халқы даму жағдайында , сондықтан бұл елдердегі кедейлікпен күрес жүргізудің сара жолы азаматтардың білім алуына мүмкіндік жасау деп атап өткен, Германияның экономикалық мәселелер мен даму жөніндегі министрі.
XS
SM
MD
LG