Accessibility links

Кремльдің Шешенстанда өз билігін орнату жөніндегі үміті

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Шешен азаматтары тарапынан орын алып келе жатқан бомбалық жарылыстар ресми Мәскеудің бұл республикада толық бақылау орнатамыз деген үмітін тасқа ұрып тұр.

Биылғы жазда Шешен азаматтары тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан түрлі бомбалық шабуылдар негізінен Шешенстаннан тыс жерлерде орын алуда.

Санай берсеңіз көктемнен бастап бүгінгі күнге дейін шешеннің жанпидашылық жолды таңдаған әйелдері бірнеше бомбалық жарылыстар ұйымдастырып, оның кесірінен орыс солдаттар да, шешен азаматтары да шамалас дәрежеде зардап шегіп отыр. Әсіресе, өткен аптада солтүстік Осетиядағы Моздок әскери ауруханасында жасалған жарылыстан 50-дей адамның қаза болуы ресми Кремль өкілдерін ғана емес, саяси сарапшыларды да ойландырып тастады.

Шешенстан үшін Кремльдің жасаған конситуция жобасы осы көктемде атышулы референдумда мақұлданған болатын. Сондай-ақ шектеулі түрде жекелеген шешен азаматтарына кешірім жариялау да, республикадағы қауіпсіздік шараларын жақсарту бағытында жүргізілген басқа қадамдар да елде қалыпты жағдай орнатуға көмектесе алмай отыр. Неге?- деген сауалға жауап бере келіп, Британияда орналасқан Соғыс және Бейбітшілік зерттеу орталығының сарапшысы, Шешенстан жайында арнайы кітап жазған автор Томас де Уейл Шешенстандағы жағдайдың қалыпқа келмеуінде екі түрлі себеп бар-, дейді.

Оның біріншісі, Ресейдің азаматтық және әскери салаларындағы аса көп ресми қызметкерлер осы Шешенстандағы соғыс арқылы өздеріне ақша жасап отыр. Сондықтан олар соғыстың тоқтатылғанын қаламайды. “Меніңше бұл- аса маңызды мәселе. Әсіресе, Шешенстандағы Ресей күштерінің қылмыстық істерге әбден белшесінен батуы- ең басты проблема. Олар мұндағы мұнай өнеркәсібінен пайда түсіріп, әсіресе жергілікті халықты тонау және күш көрсету арқылы ақша жасап отыр. Контрактниктер деп аталатындардың басым бөлігі өз еліне қызмет ету үшін емес, осындай жолдармен ақша жасау үшін Шешенстанға барады-, деді Де Уейл мырза Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында.

Ресейдің өз басылымдарында қандайда бір табыстарға қол жеткізілді -, деген тұрғыдағы хабарлар шаң беріп қалады. Ал, шынтуайтына келгенде екінші шешен-орыс соғысы басталғалы бергі төрт жыл ішінде өзгере қойған жағдайлар шамалы. Шешен көтерілісшілерінің басшылары қазірге дейін жақсы қаруланған қалыптарында, сол баяғысынша өз істерін жүргізіп келеді.

“Бұл орайда біз өз-өзімізге сұрақ қоя аламыз, - дейді Де Уейл мырза, - шешен көтерілісшілері күні бүгінге дейін қалайша күресіп келеді? Олар қаруларды қайдан алуда? Және алақандай ғана Шешен жерінде соңғы соғыстың жүргізіліп келе жатқанына төрт жылдай уақыт боп қалса да ол шешен қолбасшылары қалайша осыншалық дәрежеде еркін шайқастар жүргізе алуда? Міне мұндай сауалдардың барлығының басты жауабы орыс әскерлері арасындағы коррупцияға тікелей байланысты болып отыр. Мұндай қылмысты істерге құрық салынбайынша Шешен жеріндегі жағдай бұдан да қиындай түспек -, дейді сарапшы Де Уейл.

“Ресми Мәскеудің Шешенстандағы жанжалды тоқтата алмай отыруының екінші себебі-, дейді саяси сарапшы Уейл, - Ресей өкіметінің Аслан Масхадовтан бастап ешқандай жікшілдік бағыттағы басшылармен келіссөздер жүргізгісі келмейтіндігінде. Шешендер арасындағы беделінің түсіп кеткеніне, шешен қолбасшыларының бәрінің бірдей оған бағына бермейтіндігіне қарамастан Аслан Масхадов-Шешенстандағы Мәскеу үшін келіссөздер жүргізуге болатын жалғыз заңды саяси тұлға. Оның үстіне кезінде заңды түрде сайланып қойылған ел басы ретінде де Масхадов мырза Ресей азаматтарына қарсы қандайда бір террорлық әрекеттерді қолдаған емес. Ондай істерден өз бойын аулақ ұстайды. “Шешен халқы соғыстан әбден қажыған. Сондықтан да олар қазіргі кезде тәуелсіздік үшін күресу дегенді қажет деп санамауда. Тіпті олар Мәскеу тарапынан жаңа басшылықтың келуіне де қарсы болмас еді. Ең басты мәселе сол - орыс әскері қатарында қазір тәртіптің жоқтығы. Олар ойларына келгендерін істеуде. Бұдан шығатын қорытынды, соңғы айларда ресми Мәскеу жергілікті халықтың өздеріне деген ықыласын оңтайлы пайдалану сияқты талай мүмкіндіктерден айрылып қалды, - дейді Британиядағы Бейбітшілік және Соғыс зертте орталығының сарапшысы Де Уейл мырза.

Күш қолданулар тізбегі одан әрі жалғаса беретін сыңайлы.
XS
SM
MD
LG