Accessibility links

Миннесота штатындағы автокөлік апатынан шайбалы хоккейден танымал бапкер Херб Брукс қаза болды.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Миннесота штатындағы автокөлік апатынан шайбалы хоккейден танымал бапкер Херб Брукс қаза болды. Полицияның хабарлауынша, Брукстың жеңіл мәшинесі тас жолдың бойында белгісіз себептен төңкерілген. Херб Брукс – кезінде негізінен студенттік командалардың өкілдерінен жасақталған АҚШ құрамасын 1980-інші жылғы Лейк-Плэсид Олимпиадасына бастап барды. Оның командасы сол жылдары әлемдегі ең үздік ұлттық ұжым болған КСРО құрамасын финалдық кездесуде 4 : 3 есебімен ұтып, алтын медальді жеңіп алды. Ол жеңіс шайбалы хоккей тарихындағы аса ерекше жеңістердің бірі саналады. 2002-інші жылы Херб Брукс бастаған АҚШ құрамасы Солт-Лэйк-Сити Олимпиадасында күміс медальге ие болды.

Сұлтан Хан Аққұлұлы

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG