Accessibility links

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Коллин Пауэл Нью-Йоркте БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанмен кездесуде.


Олар Бағдадтағы БҰҰ-ның өкілдігінде болған жарылыстан кейінгі жағдайды талқылауда. Онда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ираққа қатысты жаңа қарар жобасының негізін құрайтын кейбір бөлімдер қаралады. АҚШ-тың федералды барлау қызметінің қызметкерлері мен ирақ полициясы 20 адам құрбан болған Бағдадта орын алған терактінің егжей-тегжейін тексерулерін жалғастыруда. Федералды барлау қызметінің өкілі, бұл шабуылға салмағы 700 кг болатын жарылғыш зат қолданылғанын айтып отыр. Тексеру жұмыстарын жүргізушілер шабуылды кімдер ұйымдастырғанын анықтауға тырысуда.
XS
SM
MD
LG