Accessibility links

Марс Жерге жақындап келеді.


Екеуінің ара-қашықтығы соңғы 60 мың жыл ішінде алғаш рет тым жақындай түсуде. Бүгін Астана уақыты бойынша түстен кейінгі 5-тер шамасында бұл қос планета ара-қашықтығы 56 миллион километрдей болған-ды. Соңғы бірнеше апталардан бері Марс планетасы түнгі аспанда ашық қызғыл түсте көрінген еді. Екваторға жақын маңдағы аспан зерттеушілері үшін енді міне бұл құбылысты айқын көрудің сәті түсіп отыр. Жер мен Марстың осылайша жақын келуі олардың Күн планетасы айналасындағы қозғалу орбиталарына тікелей байланысты болуда. Себебі, Жер шеңбер бойымен қозғала жүріп Күнді айналса, ал Марс өз кезегінде еллиптикалық сызық бойымен қозғалады екен-, дейді Дойтш пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG