Accessibility links

Испанияның Буньоль қаласында “Томат тойы немесе помидор шайқасы” деген атаумен жыл сайын болатын мереке өтуде.


БУНЬОЛЬ. ИСПАНИЯ: Испанияның Буньоль қаласында “Томат тойы немесе помидор шайқасы” деген атаумен жыл сайын болатын мереке өтуде. 35 мыңнан асатын қала халқы бір-бірін қала көшелеріне алдын-ала жеткізілген 100 тонна помидармен атқылауда. “Томат тойына” қатысу үшін көп халық Буньольге әдейі қонақтап келеді. “Томат тойы немесе помидор шайқасы” мерекесі - тамыз айының соңғы сәрсенбісінде 60 жыл бойы үзіліссіз тойланып келеді. Ол мереке сонау баста көшеде үйреншікті төбелес шығып, оған қатысушылардың бір-бірін помидармен атқылауынан басталған. Сол кезден бастап, томат тойы күні қала көшелерінде томат шырыны көлдей ағатын болған.
XS
SM
MD
LG