ВАШИНГТОН: Жоспарға сәйкес, “Атлантис” шаттлы Халықаралық ғарыш бекетіне наурыздың 11-і мен сәуірдің 6-сы аралығында ұшуға тиіс. Ғарыш кемесінің құрылысына және ұшырылуының тәртібіне оның қауіпсіздігін арттыруға тиісті өзгерістер енгізілмек. “Коламбия” атаулы шаттл ғарыш кемесі 1-інші ақпанда жер орбитасынан қайтып ұшып келе жатқанында жарылды. Нәтижесінде 7 ғарышкер қаза тапты.
Үстіміздегі жылдың басында “Коламбия” ғарыш кемесінің апатынан кейін, АҚШ-тың ғарыштық НАСА агенттігі алдағы жылдың көктемінен бастап, көп қолдануға болатын ғарыш кемелерін ұшыруды қайта жалғастыруға ниеттеніп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?