Accessibility links

Спикер Жармахан Тұяқбай Антон Рупнипен кездесті


Қыркүйектің 11-күні Парламент Мәжілісінің Төрағасы Жармахан Тұяқбай Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының Алматыдағы орталығының басшысы Антон Рупникпен кездесті. Кездесу кезінде Антон Рупник Қазақстанның Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымымен қарым-қатынасын жоғары бағалады. Ол өз кезегінде Орталық Азия мемлекеттері ішінде Қазақстанды деморатиялану жағынан алға жылжып келе жатқан мемлекет деп таныды. Антон Рупник Қазақстан Парламентінде биылғы сессияда қаралатын маңызы бар заң жобаларымен таныс екендігін білдіріп, спикер мырзаға халыққа қажетті заң жобалары барынша обьективті және ашық талқыға салыну керек деген ойын айтты.

Ал Парламент мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай болса, халық үшін маңызы Сайлау туралы және Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң жобаларын Үкіметтен күтіп отырғандығын жеткізді. «Егер осы заң жобалары биыл қабылданатын болса, онда Қазақстанда анағұрлым сайлау әділ өтіп, сөз бостандығы еркін болады деген ойдамын», – деген пікірін айтты Жармахан Тұяқбай.

Сонымен қатар Спикер мырза сөзінде бұл заң жобаларын Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы және тағы басқа халықаралық ұйымдардың сын ескертпесінен кейін ғана өзгертіп отырған жоқпыз, қазір біздің мемлекет демократиялануға дайын деген көзқарасын білдірді.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасымен кездесу барысында Еуропдағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы басшысы Антон Рупик біздің өкілдеріміз заң жобаларын талқылаған кезде Парламентке келіп қатысуға мүмкіндік алса, деген ойын білдірді.

Алайда бұл мәселеге Жармахан Тұяқбай Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының өкілдері үшін Парламент есігі әрқашанда ашық екендігін, бірақ жоғарыдағы аты аталған ұйымның өкілдері көбінесе Қазақстандағы оппозиция өкілдерімен санасатынын, негізнде заң шығарушы Парламентке келіп қабылданып жатқан Заңдарға тәуелсіз сарапшы болса анағұрлым мемлекетке тиімді деген ойын білдірді.

Сөз соңында спикер Қазақстанда шешімі таба алмай келе жатқан мәселелерге де тоқталды. Ол Қазақстанда бүгінгі күні есірткі тасымалының өршіп тұрғаны. Екінші полигонға қатысты Арал, Семей секілді экологиясы нашар аймақтарда өмір сүріп отырған азаматтардың Конституциялық құқығы қорғалмай келе жатқандығы.
XS
SM
MD
LG