Accessibility links

Түркия сотының шешімі кезектен тыс сайлаулар мен саяси тұрақсыздық тудыруы мүмкін

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Сайлау кезінде алаяқтық жасағанда айыпталып сотқа тартылмақ күрд партиясының дау-дамайы Түркияда саяси тұрақсыздық тудыру қаупі бар. Бұл мәселе бойынша саяси партиялар Түркияның жоғарғы сотының шешімін күтіп отыр.

Түркияның жоғарғы сайлау комиссиясына өткен жылғы сайлаулар барысында Күрд партиясы сайлау құжаттарын қолдан жасап алғандығын айыптайтын бірнеше арыз шағым келіп түсті.

Оңшыл орталықшыл Доғру Йол партиясы және шағын асыра солшыл Исчи партиясы мен ұлтшыл Генч партиялары және жеке екі азаматтан арыз түсті, солардың бірі зейнеттегі әскери генерал Календәр Клынч.

Жоғарғы сайлау комиссиясының төрағасы Туфан Алган сейсенбі күні ақпарат құралдарының өкілдеріне 24 сағат ішінде жаңа арыз шағымдар алынатындығы туралы хабарлады.

"Бұл жағдайға байланысты барлық қажетті материалдық және заңдылық айғақтарды табу қажет. Мен іске байланысты әзірше нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ біз мүмкіндігінше тез шешім қабылдауға тырысамыз", - деді Алган.

Қыркүйектің 29-ы күні Түркияның Жоғарғы Соты Демократиялық халық партиясының 4 көсеміне былтырғы жылдың 3-ші қарашасында өткен сайлауларда қолдан құжат жасағандары үшін 23 айға бас бостандықтарынан айру туралы үкім шығарды.

Түркияның оңтүстік шығысында күрдтердің тығыз қоныстанғандарына қарамастан, аталмыш партия небәрі 6,2 пайыз дауыс жинай алды.

Күрд көсемдері алаяқтық айыптауларды теріске шығарып өздерінің сот шешімін қайта қарататындықтары туралы айтуда. Егер арыз жауапсыз қалса, онда Страсбургтегі Европаның Адам құқықтары бойынша сотына жүгінбек. Бұл туралы дүйсенбі күні Демократиялық халық партиясының өкілі Тунжер Бакырхан мәлімдеді.

"Бұл шешім біздің арымызға тиді, өйткені ол түрік қоғамдық пікіріне және әлемдік қоғамдық пікірге зиян келтірді. Бұл шешім шындыққа жанаспайды. Бұл шешім саясаттың ықпалымен қабылданып отыр", - деді Бакырхан.

Европа Одағының кеңейуіне жауапты арнаулы өкіл Гюнтер Ферхойген сейсенбі күні Түркияның Жоғарғы Соты Демократиялық халық партиясына байланысты шығарған үкімі Түркияда саяси қалаймақан тудыруына әкелуі мүмкіндігіне өз алаңдаушылығын танытты.

"Біз ескеріп отырмыз және біз соттың шешімі елдің саяси тұрақтылығына өз кесірін тигізбейді деген сенімдеміз", - деді Ферхойген Брюсселде Түркия сыртқы істер министрі Абдолла Гүлмен келіссөздер өткізген кезде.

Сәрсенбі күні билік басындағы Әділет және Дәуірлеу партиясының өкілі Акиф Гүлле "Түркия бұрын соңды болмаған тұрақтылық, иман және сабырға зәру"деді.
XS
SM
MD
LG