Accessibility links

Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігіне өзінің ядролық орындары жөніндегі хабарламасын берген.


Атом агенттігіндегі Иран елшісі Әли Акбар Салехи бұл құжаттарды Венадағы агенттіктің штаб-патерінде төраға Мохаммед Елборадейге табыс еткен. - Иран өзінің бұрынғы қимыл-әрекеттерін толық ашып көрсететін болып шешті. Бүгін менің қолыма түскен хабарлама нақты және жан-жақты декларация екендігіне сенімім бар, - деген Елборадей. Енді Халықралық атом энергиясы агенттігі бұл құжаттарды тексеруді бастайды деп атап көрсетті ол. Бұған дейін олардың кейбір құпия болып келген болатын.
XS
SM
MD
LG