Accessibility links

Алматыдағы «Сайран халықаралық автокөлік cапаржайынан » жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 00 минутте Алматы-Астана жолаушылар тасымалдайтын автобусы сапарға аттанды деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Сайран» автобекеті жолаушылар тасымалдау қызметінің бастығы Құрманғалиевтың айтуынша, сиымдылығы 50-52 адам болатын автобус екі қала арасына аптасына екі мәрте қатынайтын болады. Жол ақысының құны – 1 мың 900 теңге. 1260 шақырым болатын аралықты автобус 17 сағатта жүріп өтпек. Болашақта жолаушылар ағыны ұлғайып жататындай болса, автобусты аптасына алты мәрте жолға шығару жоспарда бар көрінеді. Атап өтер жайт, алғашқы рейспен кеше 40 адам жолға аттанса, олардың арасында автобекет өз қызметін жолға қойған 20 жылдың ішінде сапарға шығарып салған 33 миллионыншы жолаушы да, бар. Автобекет күн сайын 60 бағытта 350 автобусты жолға шығарып, 35 мыңнан астам жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асырады.
XS
SM
MD
LG