Accessibility links

Ресей мен Евро Одақ арасындағы қарым-қатынас қиындай түспек


Европалық kомиссия егер Мәскеу әріптестік және ынтымықтастық келісімін шұғыл түрде кеңейтпесе, Ресей мен Евро Одақ арасындағы қарым-қатынас қиындай түседі деп мәлімдеді.

Ресей болса, Евроодақтың кеңеюінен сауда шығыны болуы мүмкін деп сақтанып, әрі Эстония мен Латвиядағы орыс тілділердің жағдайын алға тартып отыр. Сондықтан Ресей бұл мәселе бойынша алдымен кейбір елдермен екіжақты келіссөздер жүргізіп алуды талап етуде.

Сейсенбі күні Европалық комиссия Ресей өзінің Евроодақпен әріптестік әрі ынтымақтастық жөніндегі келісімін тез арада кеңейту керек деп айтты. Бұл келісім жағдайы кеңейтілсе Мәскеу Одаққа жаңа мүше елдермен қарым-қатынасын жақсарта түспек. Ресей болса өзінің алдымен кейбір жаңа мүше елдермен екіжақты талқылаулар жүргізуді қалайтынын айтқан. Европалық комиссияның өкілі Диего де Oхeдa, Брюссельде сейсенбі күні айтқанында, Европалық Одақ келісімнің жылдам кеңейгенін талап ететін болады деген.

- Өздеріңіз білетіндей, алдағы жылдың 1-ші мамырында Евро Одақ 10 жаңа елмен кеңейетін болады. Біздің пайымдауымызша, нақты Ресей Федерациясы мен Европалық Одақтың мүддесіне сәйкес, әріптестік пен ынтымақтастық келісімі жаңа келіссөздерсіз-ақ шұғыл кеңеюі қажет. Жаңа мүше елдерге біздің екi жақты қарым-қатынасымыз кері әсер етпейді, - дейді Eвроодақ өкілі.

Ресей бұл кеңеюдің нәтижесінде, сауда саттық азаюы мүмкін сондай-ақ, Эстония мен Латвиядағы аздаған орыс тілділердің құқы бұзылып отыр деп алаңдаулы екенін айтып отыр.

Диего де Охеда бұл Евроодақтың ұстанымы тағы да Мәскеуде болатын Евроодақ пен Ресейдің бірінші тұрақты кеңесінің отырысында түсіндіріледі деген. Бұл кездесуге Евро одақтың блокты кеңейту жөніндегі арнайы өкілетті өкілі және жаңа көрші елдердің қарым-қатынасына жауапты Гунтер Ферхойген, Италия мен Ирландия сыртқы істер министрлері, Евроодақтың қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі басшысы Хавьер Солана қатысатын болады. Европалық одақтың атын атамауды сұраған өкілінің Азаттық радиосына айтуынша, Евроодақ Ресей бұл келісімін кеңейткен жағдайда тек экономикалық тиімділік табады деген өзінің ұзақтан бергі ұстанымында қалып келеді. Сонымен қатар, одақ өкілі Ресейдің әлі де әлемдік сауда ұйымына мүше емес екендігін айтып, бұл бәрібір қандайда бір төлемақыларға құқық бермейді деп атап өткен. Евроодақ өкілінің сөзіне қарағанда, Одақ мұндай жағдайда Ресейдің Эстония және Латвиядағы аздаған орыстілді адамдарының жағдайына байланысты екіжақты келіссөздер жүргізу өтінішін қабылдамай тастайды. Диего де Охеданың айтуынша, Европалық Одақ бұл ұйымға ену процесінде Эстония мен Латвиядағы азсанды орыстардың жағдайы айтарлықтай жақсарған деген көзқараста қалып отыр.

- Біздің жалпы жағдайымыздағы Евроодақты кеңейту үдерісінде аталған екі елдегі орыстілді аз санды ұлттың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бұл екі елдің Одаққа мүше болуы ондағы азсанды орыстардың жағдайын болашақта да жақсартуға әкелмек. Ресейдің алаңдаушылығына қарағанда, ондағы жағдай керемет болмауы мүмкін. Бірақ, жалпы біз оларға жақсы қарап жатыр деп ойлаймыз, - дейді Евроодақ өкілі Диего де Охеда.

Және ол, Ресейдің Эстония мен Латвия ондағы орыстілді халықты тез жерсіндіре қоймады деген сөзін тілге тиек ете отырып, бұл талап тым үлкен астамшылық деді. Алайда Ресей сыртқы істер министрі Игор Иванов жексенбі күні мәлімдеме жасап, Эстония мен Латвияның Евроодаққа енуі Мәскеу мен Одақ арасында қажетсіз ауыр ахуал тудырмайды деген үмітін білдірген. Евроодақ өкілі болса, егер Ресей әріптестік пен ынтымақтастық келісімін кеңейтуден бас тартса, онда Одақ пен Ресей арасындағы жағдай ушығады деген. Евроодақ өкілінің айтуынша, бұл жоғарыдағы проблемалар 6 қарашада Римде өтетін Ресей мен Евроодақ саммитінде қаралатын болады.
XS
SM
MD
LG