Accessibility links

Қазақстан мен Украина Сыртқы істер министрлері екіжақты бірқатар келісімге қол қойды


Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенконың Қазақстанға сапары одан әрі жалғасуда.

Қарашаның 4-і күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенко екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты бірқатар келісімге қол қойды.

Атап айтсақ, “Қазақстан Үкіметі мен Украина министрлері кабинеті арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге” және “Қазақстанның Сыртқы істер министрілігі мен Украина Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2004 жылға арналған саяси консультация өткізу жоспарына” қол қойылды.

Сондай-ақ осы кездесу барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев екі ел арасындағы мұнай саласына байланысты мәселеде Польша арқылы еуропалық аймаққа шығатын Одесса-Броды мұнай тасымалдау құбырының жобасын іске асыру қолға алынып жатқанын айтты.

“Мұнай саласында ынтымақтастық жақсы қалыптасуда. Одесса-Броды мұнай тасымалдау құбырының жобасы жөнінде зерттеу жүргізіледі. Жалпы бұл жобаның болашағы өте зор. Егер аталмыш мұнай құбыры іске асса, жыл сайын Қазақстаннан Украинаға 30млн тоннаға дейін мұнай тасымалданады. Техникалық,экономикалық мәселер жағынан екіжақты мамандар алда зерттеулер жүргізеді”.

Қазақстан 2002 жылы Украинаға 2,362 млн тонна мұнай экспорттаған. Қазақстандық “ҚазМұнайГаз” компаниясы Украинаның “Херсон” мұнай зауытының 60 пайыз акциясын иеленген.Өткен 2002 жылы Украинаның аталмыш зауытына 1 млн 431 мың тонна жеткізілген болса, үстіміздегі жылы 450 мың монна мұнай жеткізілген көрінеді.

Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенко өзінің сөзінде Ққазақстанға сапарының негізгі мақсаты жоғарыда аталған құжаттарға қол қою және экономика саласында екі ел ынмқтастығын нығайту дей келе “екіжақты қарым-қатынаста ең бастысы сенім болуы керек”, - деді.

Аталмыш кездесу барысында екі ел сыртқы істер министрлері Тузла аралына байланысты Украина мен Ресей арасында туындап отырған проблема бойынша өз пікірлерін жеткізді.

Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенко: “Қоғамда, Парламентте мәселе туындап отыр. Біз осы проблеманы екі жақты келісімдер арқылы шешеміз деген үміттеміз. Бұл туындаған проблема екі ел ынтымақтастығына салқындығын тигізбейді. Бірақ біз осы мәселені шешуде барлық күшімізді салмақпыз”, - деді.

Ал Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев “Тузла аралына қатысты Украина мен Ресей арасында туып отырған проблема екіжақты келіссөздер арқылы достық тұрғыда шешіледі деп үміттенеміз. Сондай-ақ, бұл тәрізді территориялық мәселелер туындамаса екен”, - деді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстан мен Украина арасындағы сыртқы тауар айналымы 2003 жылдың қаңтар мен тамыз айлары аралығында тауар бойынша 381,8 млн АҚШ долларын құрады.

Қазақстаннан Украинаға шығарылған экспорт 212,6 млн доллар болса, импорт 169,2 млн долларды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG