Accessibility links

Алматыда Еуразиялық экономикалық қауымдастығына мүше 5 елдегі кедендік мәселелер жөнінде кеңес семинары өз жұмысын бастады.


2006 жылдың соңына дейін Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше 5 мемлекеттегі кедендік одақтың құрылымын аяғына дейін жеткізу қажет. Ол үшін осы 5 ел арасында кем дегенде 50-60 келісімдерге қол қойылу керек. Бұл кеңес-семинардың мақсаты – кедендік бақылауды іске асыру кезіндегі басқару жүйесі мен қауіп-қатерді талдау бойынша бірыңғай тұжырымдама жасау болып отыр. Семинарға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның кеден қызметтерінің өкілдері қатысуда.
XS
SM
MD
LG