Accessibility links

«Инексимбанктің» 25 проценттік акциясын Еуропа қайта құру және даму банкі мен Темірбанк алды

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Еуропаның қайта құру және даму банкі Қырғызстанның «Инексимбанкінің» 25 проценттік капиталы акциясын, яғни 1,4 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны өзіне алды.

Бұл жөнінде Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан,Қырғызстан және Тәжікстан аймағы бойынша директоры Дейви Майкл мырза 12 қарашада хабарлады.

- Қырғызстандағы басты банкілердің бірі саналатын «Инескимбанк» өзінің бақылау пакеті акциясын Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның «Темір банкімен» бірлесе отырып алғаны маңызды шара, - дейді осы банкің басшысы Олег Кононенко. - Бұл жөнінде таяуда Бішкекте қол қою рәсімі өтті.

- Бұл әнине, аса үлкен қаржы емес, небәрі 1,4 млн доллар ғана. Бұл жерде «Инескимбанктің» инвестициясын өзге жақтан емес, көршілес ел Темірбанктің алып отырғаны маңызды. Біз Темірбанк басшылығының іскерлік қасиеттеріне үлкен сенім артамыз. Жақын елдер арасындағы өзара қарым-қатынас, бизнес саласындағы байланыстың дамып отырғаны тиімді. Бұл жобада Қырғызстанның «Инескимбанкі» жақсы үлгі көрсетіп отыр, - деген пікірін білдірді Дейви Майкл.

Жалпы, Қазақстанның банк жүйесі қаржы саласын дамыту ісінде оң қадамдар жасап, Еуропа қайта құру және даму банкі қызмет істейтін 27-ден аса елдер арасында ең озығы ретінде іскерлікпен алға жылжып келеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы ЕҚҚД банкінің жалпы инвестициясының көлемі 435 млн долларды құрап отыр. Өз кезегінде Қырғыстанда бұл сома небәрі 24 млн долларды құрайды деді Дейви Майкл.

Оның айтуына қарағанда Қырғыз банкілері Қазақстан секілді көршісінен біршама артта қалған. Дегенмен, ол елде де банк жүйесі біртіндеп даму үстінде. Ол әрине, ел экономикасын көтеруде маңызды сипат алады. Бұл салада Қазақстанның Темірбанкі көрші елдің банкісі дамуына өзіндік үлес қосып отырғанын айту ләзім деген ойын жеткізді Дейви Майкл мырза.

ЕҚҚД банкі Темірбанкпен, ұзақ жылдарға өзара қарым-қатынас, мүдделестік қызмет атқаратынын айта кеткен жөн.

Қырғызстанның «Инексимбанкі» 1996 жылы құрылған. 2002 жылдың соңына қарай оның капиталы 2,2 миллион долларға жеткен. Нәтижесінде, жаңа инвестициялар тартуға орай «Инексимбанктің» капиталдық базасы 5 млн АҚШ долларын құрап отырғандығы сөз болды.

Жалпы, осы басқосуда ТМД елдері арасында Қазақстанның банктік секторы ең озық екендігі айтылды.
XS
SM
MD
LG