Accessibility links

2006 жылы Қазақстан халқының жалпы саны 15 млн. 183 мың шамасында болмақ.


Бұл меже Үкіметтің Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналган индикативтік жоспарында көрініс тапқан. Ол жоспарды Қазақстан Үкіметі 2003 жылғы қыркүйектің 12-сінде № 926 қаулысымен бекіткен болатын. Аталған жоспарда өткен жылы халық саны 14 млн. 854,3 мың адамды құраған болса, үстіміздегі жылы халық саны 14 млн. 916,7 мыңға тең болатыны жазылған. Ал келесі 2004 жылы 14 млн. 977 мыңға жетсе, 2005 жылы 15 млн. 057,2 мыңға жетіп қалуы мүмкін екендігі көрсетілген.
XS
SM
MD
LG