Accessibility links

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің басшылығына жаңа 9 автокөліктің кілтін сыйлады, - деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісіне облыстық өртке қарсы күрес қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әбдірахим Сапарбаев.


Өрт сөндірушілерге алты бірдей үлкен арнаулы көлік, екі Газель мен бір шұғыл әрекетке арналған арнаулы көлік берілді. Бүгіннен бастап облыстық өртке қарсы күрес қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Облыстық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Асылбек Бекжігітовтың айтуынша, соңғы үш жылда облыста жаңа жыл мерекесі кезінде ірі өрт оқиғасы тіркелген жоқ.
XS
SM
MD
LG