Accessibility links

Еуропа Одағы Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешімге ризашылығын білдірді

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялау туралы шешім қабылдауы бұл адам құқығын қорғаудағы елеулі қадам болмақ деп басталады Еуропа Одағының осы мәселеге байланысты таратқан мәлімдемесінде. Сонымен бірге бұл Қазақстанда өлім жазасын біржолата алып тастауға қосылған маңызды қадам делінген аталмыш мәлімдемеде. Біз осы Еуропа Одағының таратқан мәлімдемесіне байланысты ЕО ның Қазақстандағы өкілдігінің бірінші кеңесшісі Джон Пенни мырзамен хабарласып, пікірін сұрағанымызда, ол радиомызға былай деді:

- Қазақстан басшылығының өлім жазасын қолдануға мораторий жариялап отырған бұл қадамын Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуына қосылған үлкен іс, елеулі қадам деп бағалай отырып бұндай шешім қабылдағыны үшін Қазақстанға Еуропа Одағы өз ризашылығын білдірумен бірге қанағаттанғандық сезімін жеткізеді.і Сондай ақ Қазақстан басшылығы бұл шешімі арқылы дұрыс бағытта, ілгері қарай үлкен қадам жасап отыр, бұл адам құқығын қорғау, адамның қайыр қасиетін құндылығын арттыруға үлкен түрткі болады деді.

Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігінің бірінші кеңесшісі Джон Пенни Орталық Азиядағы басқа мемелекеттер де Қазақстанның осы шешімінен үлгі алып өз елдерінде алдымен өлім жазасына мораторий жариялап, соңынан өлім жазасын біржола алып тастау қадамдарын бастағандары дұрыс деген тілек пікірін айтты.
XS
SM
MD
LG