Accessibility links

“СПИД ауруының алдын алу туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Мәжілісте мақұлданды.


Ақпанның 4-і күні болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында “СПИД ауруының алдын алу туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Спидке қарсы күрес жөніндегі заң Қазақстанда 1994 жылы қабылданған еді. Бірақ бүгінде СПИД індеті кең етек жайып отырғандықтан бұл заң өзгерістер мен толқытырулар енгізуді қажет етіп отыр дейді, Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев:

“Ол кезде осы індетке шалдыққандар саны бірен - саран болды. Бірақ қазір оның саны өсіп бара жатыр. Осы 1-і қаңтарға қарағанда Вич инфекциясын 4001 адам жұқтырса, оның ішінде 200 ден астам адам СПИД-пен ауырған. Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстанда 123 адам осы індеттен дерт болды. Оның көбісі нашақорлықпен айналысатын азаматтар. Бір өкініштісі осы індетке шалдыққандар жастар арасында орын алып отыр. Жыл сайын СПИД-пен күреске республикалық бюджеттен жергілікті бюджететн аранйы қаржы бөлінеді. Алдағы бес жылға 22,5 млн доллар қаражат қарастырылып отыр”.

Аталған заң жобасы ВИЧ инфекциясы мен СПИД ауруымен ауратындарға қатысты барлық кемсітушіліктерді жою жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын орындауды көздейді. Сондай-ақ науқастар мен қатерлі топтарды әлеуметтік қорғау мәселелерін күшейтеді. Жобада Спид ауруымен ауратындарды және ВИЧ инфекциясын жұқтырғандарды тегін емдеу қарастырылған. Денсаулық сақтау министрі Досқалиевтің айтуынша, “бұл жобада осы індетке шалдыққандардың құқығын қорғау мәселесі де қарастырылған”.

“Жұмыс берушілердің осы індетті жұқтырмауға профилактика жағы қарастырылған. ВИЧ инфекциясын жұқтырып алған адамның құқы қаралған. Онда тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы індетке шалдыққандардың ішінде өзі қазақстан азаматы болып, жұбай шетел азаматы болса, Оның жұбайының да құқы қорғалады”.

“Бүгінде аталған індетпен күрес жолдарын тауып жатқан бірқатар елдер де бар”- дейді, министр Жақсылық Досқалиев.

“Әлемде қазір зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Осы індетке қарсы дәрі табылып жатыр. Бүгінде мұндай жетістікке Бразилия және АҚШ-та қол жеткізіліп отыр”.

“СПИД ауруының алдын алу туралы” заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдап, Сенаттың қабылдауына жіберді.
XS
SM
MD
LG