Accessibility links

Латвия Парламенті бейсенбі күні мектептерде латыш тіліндегі оқу бағдарламасын барынша көбейту жөнінде заң қабылдады.


Бұл жаңа заңға орай, қыркүйек айынан бастап, орта мектептердегі кемінде 60 пайыз сыныптарда, оның ішінде орыс тілді мектептер де бар, латыш тілінде оқытылуы шарт. Депутаттар бұл заңды талқылап жатқанда Парламент үйі алдында 6 мыңдай оқушы наразылық шеруін өткізген. Латвиядағы орыс тілділер жалпы тұрғындардың үштен бірін құрайды.
XS
SM
MD
LG