Accessibility links

Грузия орталық сайлау комиссиясы Грузияда жексенбі күні өткен парламенттік сайлаудың ресми қорытыныдысын жария етті.


Ол қорытынды бойынша Аджария өлкесі парламенттегі орындардан айырылған. Аджария басшысы Аслан Абашидзе енді Аджарияда референдум өткіземін деп мәлімдеп берілген дауыстарды қайта санауға Тбилисиге өз адамдарымды жіберемін деп отыр.

Грузияның Аджария аутономиясының басшысы Аслан Абашидзе Аджарияда жалпыхалықтық референдум өткізетінін мәлімдеді. Сонда өткен жексенбіде өткен сайлауда бұл өлкенің кімді қолдағанын көрерміз деді Абашидзе. Ал сәрсенбі күні Грузия Орталық сайлау комиссиясы болса Аджария жетекшісінің партиясы өкілдерінің Грузия парламентіне өтпей қалғанын жариялады. Оның есесіне Грузия президенті Михаил Сакашвили партиясы Ұлттық Қозғалыстың 67 пайыз дауысқа ие болғаны жарияланды. Сонымен Сакашвили партиясы парламенттегі 150 орынның басым көпшілігіне иеленді. Екінші орынды 7,6 пайыз дауыс жинаған Жаңа Оңшыл индустрияашылдар иемденді. Ал, Аджария жетекшісі Аслан Абашидзенің Демократиялық Қайтаөрлеу партиясы болса парламентке өтуге рұқсат беретін 7 пайыздық дауысты жинай алмады. Небары 6 пайыз дауыс жинаған. Ал, қараша айындағы сайлау нәтижесі бойынша Аслан Абашидзені Аджария халқының 52 пайызы қолдайтыны мәлім болған. Жексенбі күні өткен сайлауда болса Абашидзе 1991 жылдан бері тұңғыш рет өз өлкесі Аджарияда оппозициямен беттесті. Тбилиси қолдауындағы Біздің Аджария оппозициясының жетекшісі Тамаз Дизамидзе не дейді?:

"Батуми бұл қылмысты режим бітті деп біледі. Демократия, сөз , баспасөз бостандығы, орталық үкіметтік бақылау, тәртіп пен заңдылық қалыпқа келтірілуі керек" Ажария басшысы бұған жауап ретіне сәрсенбі күні Рустави 2 телеарнасы арқылы орталық үкімет жексенбі де өткен сайлаудағы Кайтаөрлеу партиясының дауысын ұрлады деп мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясы болса Аджарияның ондаған сайлау бекеттерінде заң бұзушылықтар орын алғандықтан да ол бекеттерден келген дауыстардың есепке алынбады деді. Біздің Аджария оппозициясының тағы бір лидері Эдуард Сумманидзе: "Ал жарайды Демократиялық қайта өрлеу партиясы сайлауға қатыссын! Сонда сіз Аслан түк ұта алмаған болар едіңіз! " дейді. Яғни , Аджарияд оппозициясы Аслан Абашидзе қайта сайлау өткізсе де оның партиясы тағы жеңіледі деп біледі. Халық сайлаған Аджария парламентімен Аслан Абашидзенің мандаты 2006 жылы аяқталмақ. Алайда Грузия президенті Михаил Сакашвили ол 2006 жылды күткісі келмейтінін байқатты. Аджарияға бақылауды тезірек орнатқысы келетінін байқатты. Сакашвили Грузия парлментінен Аджарияның Қауіпсіздік министрлігін таратуды сұрады. Аслан Абашидзені Аджариядағы қарулы жасақтарды таратуға шақырды. Тбидиси мен Батуми арасындағы дау бұнымен бітер емес. Аджария шерушілері Тбилисиге жорыққа дайындық үстінде. Олар Орталық сайлау комиссиясы ғимаратын қоршап өз қарсылықтарын білдірмек.
XS
SM
MD
LG