Accessibility links

Бүгін АҚШ әскери қолбасшылығы Фалуджа қаласындағы өз соғыс шабуылын тоқтатып, өзара келіссөздерге мүмкіндік берді.


Соңғы 6 күндік шабуылдарда бұл қалада 300ден астам Ирақ азаматы қаза тапты. АҚШтық әкім Пол Бремердің айтуынша, бұл шара жергілікті суннилер, көтерілісшілер және АҚШ тағайындағын басқару кеңесі арасында өзара келіссөздер жүргізу үшін жасалып отыр. -Сондай-ақ, бұл арада қалаға көмек жеткізіп, зардап, жапа шеккендерге жәрдем берілуі де мүмкін,- дейді Пол Бремер. Сондай-ақ, Украиналық қосындар жергілікті шиa мұсылмандарымен шайқасып кері шегінгеннен кейін арада 2 күн өткенде, АҚШ күштері Ирақтың оңтүстік шығысындағы Кут қаласын қайтадан өз бақылауына Бүгін Пол Бремер суннилерден Самир Сумайды Ирақ ішкі істер министрі етіп тағайындады. Шиа мұсылманы Нури Бадран кеше бұл қызметтен кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG