Accessibility links

Борис Годунов 100- триллион теңгесіз қалды


Көкектің 28 күні Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Борис Годуновтың шағымы бойынша, соттың төртінші отырысы болып өтті. Бұл отырысқа шағым жазған Борис Годуновтың өзі қатыспады. Бірақ сотқа Борис Годунов айыптаған жақтың екі өкіліде келді. Олардың бірі Заманбек Нұрқаділовтың адвокаты Серік Сәрсенов болса, екінші өкілі диссидент Кәрішал Асан ата болды.

Естеріңізде болса, Борис Годунов Заманбек Нұрқаділов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына және бұл президентті сайлап алған Борис Годуновтың ар ожданына нұсқан келтірді деп, 100- триллион тенге талап еткен.

15 минутқа созылған отырыста Алматы қаласы Медеу аудандық сотының төрешісі Құралай Қалекеева Борис Годуновтың арызының негізі жоқ деп, шағымын қанағаттандырмайтынын жариялады.

Заманбек Нұрқаділовтың адвокаты Серік Сәрсенов және Заманбек Нұрқаділовтың соттағы өкілі Кәрішал Асан ата соттың шешіміне риза екенін айтты. Бірақ адвокат Серік Сәрсеновтың ойынша, Борис Годунов соттың шешіміне наразылық білдіріп, қалалық сотқа қайта шағымдануы мүмкін. Ал, Кәрішал Асан атаның пікірінше, Борис Годунов бұл істі жалғыз өзі атқарып жүрген жоқ. Кәрішал Асан ата, Заманбек Нұрқаділовтың өкілі:

-Соттың әділетті шешім шығарғаны бізге жақсы әсер беріп отыр. Себебі менің пікірімше, Борис Годуновтың сотқа арыз беруіне сырттан бір күштер көмек берді. Оның себебін мен Борис Годуновта бар құжаттармен байланыстырып отырмын. Борис Годунов сияқты азаматта құнды құжаттардың болуы бекер емес.

Заң бойынша, Борис Годунов сот шешініне 15 күннін ішінде наразылық білдіруге құқылы. Ал Заманбек Нұрқаділовқа қайта оралатын болсақ, көкектің 28 күні, түстен кейін Заманбек Нұрқаділов бір топ серіктестерімен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған ісін зерттейтін комитет құрды. Комитет мүшелерінің бірі Кәрішал Асан ата комитеттін мақсатына тоқталып кетті. Кәрішал Асан ата, Заманбек Нұрқаділовтың өкілі:

-Нұрсұлтан Назарбаевтың 1990 жылдан бері президент болғанына 14 жыл болыпты. Президент өз мерзімінен артық орындаған. Осы уақыттың ішінде бұл кісі не істеді, Қазақстанда қандай жақсы жағдай болды, қандай кемшілік болды, осының барлығын арнайы құрылған комитет зерттейді.

Бүгінгі таңда комитетке 7 адам мүше,бірақ болашақта комитетке мүше боламын деушілердің қатары өсуі мүмкін,- дейді Кәрішал Асан ата.
XS
SM
MD
LG