Accessibility links

АҚШ әскерилерінің айтуынша, азаматтық керуен Ирақтың батысында шабуылға тап болған кезде біраз қызметкерлер із-түзсіз жоғалып кеткен.


Кейбір көліктер бұзылып, істен шыққан. Америка жауынгерлері кеше сондай-ақ Наджаф қаласының жанында болған шайқаста Мұхтад ас-Садрдың 13 милициясын өлтірдік деп айтқан. Наджафтың АҚШ тағайындаған жаңа губернаторы Аднан ал-Зуруфи милицияның барі де таратылуы керек деген: -Милициның бәрі жойылады. Ирақтың келешегі үшін милиция емес, заң керек. Ирақтың келешегі білім, бізге соғыс керегі жоқ. Біз енді бәріміз де жұмыс істеп, Ирақты қалпына келтіруіміз қажет, болашақты жақсартуымыз қажет,-деп атап көрсеткен ол. Солтүстіктегі Киркук қаласында жарылыс кезінде төрт адам опат болған. Ресей Ирақта жұмыс істеп жатқан бір адамы қаза тауып, екеуін белгісіз біреулер кепілдікке алғандығын хабарлады. Голландияның шенеуніктері голланд солдатын өлтірді деп күдіктелген екеудің ұсталғанын айтқан.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG