Accessibility links

Ирақтағы халықаралық әскери күштердің болашақтағы рөлі әлі айтыс-тартыс туындатуда.


Келесі айда Ирақ егемендігі сол ел азаматтарына тапсырылатын болады. Ал, одан кейінгі кезеңде Ирақта болатын халықаралық әскери күштер мен жаңа өкімет ара-қатынасының қандай дәрежеде құрылатыны белгісіз. Енді осы тақырып жөнінде қазір студиомызда отырған әріптесім Нұрлытай Үркімбаймен әңгімемізді одан әрі жалғастырады.

Ирақ егемендігінің тапсырылуына бес аптадай уақыт қалды. Енді міне, өтпелі өкімет пен Ирақ жеріндегі қауіпсіздік күштері ара-қатынасының қандай дәрежеде құрылатынына байланысты айтыстар қыза түсуде. АҚШ пен Британия ұсынған жоба бойынша, дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан қаралған қарара жобасында Ирақтағы жаңа сипаттағы өкімет пен АҚШ-тың бастауындағы халықаралық күштер қарым-қатынасы жөніндегі сауал түсініксіз күйінде қалған. Кеңес мүшелерінің пікіріне қарағанда, бұл байланыстар жаңа тағайындалған Ирақ басшылығы тарапынан айқындала түсуі тиіс. Әрине, қарар қабылданғанға дейін.



Дәл осы сауалға байланысты солай десе де болады. Қарар Ирақ егемендігінің жаңа өкіметке тапсырылуын Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауына шақыруда. Сондай-ақ, Ирақтағы барлық тиісті деген қауіпсіздік шараларына осы халықаралық күштер ұйытқы болуы керек, делінген аталған құжатта. Осылай дей келе, дегенмен, қарарда тағы мынандай жағдай атап көрсетіліпті. Яғни, шетелдік әскери күштердің елде тұра беруіне және жаңа өкімет пен халықаралық күштер басшылары қарым-қатынасына орай Ирақ тарапының рұқсаты керек. Құжатта, сонымен бірге Ирақтың уақытша өкіметі елдегі мұнай көздеріне бақылау жасайды делінген. Осы мәселелер жөнінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Жеймс Каннинхем: “Халықаралық күштердің елде тұруы жөніндегі шешімді қабылдау, Ата заң баптарын одан әрі күшейту және саяси үдерістерді дамыту жөніндегі жауапкершіліктердің барлығы да ирақтықтар қолына тапсырылатын болады. Бұл шаруаларды қалай жүргізуді айтып отыру Қауіпсіздік кеңесінің шаруасы емес. Бұл оларға, яғни ирақтықтарға тиесілі және олардың ісі”-, деген еді.



Қарарда, сонымен бірге әлгі қауіпсіздік күштерінің елден қашан шығарылатыны немесе ол күштердің кетуіне Ирақ басшылығының нұсқау бере алатыны жөнінде нақты айтылмаған. Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы елшісі қарардың мұндай бұлыңғыр тұстарын мойындап отыр. Алайда, Ирақтағы аралық өкіметтің өтнішімен қауіпсіздік күштерінің елден кез-келген уақытта шығатындығына сендіруге тырысуда.



Ирақтың белгілі тұлғалары елде тікелей сайлауларға әзірлік жүріп жатқан кезде, қауіпсіздік ісін қамтамасыз ету үшін халықаралық күштердің тұрғаны жақсы деп келеді. Қазіргі кезде елде 138 мың АҚШ әскерилері және 22 мың коалиция күштері тұр. Қауіпсіздік кеңесі мүшелері де бұл пікірмен келісуде. Әсіресе, саяси өтпелі кезеңге басшылық жасау мақсатында елде жүрген БҰҰ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, дейді олар.
XS
SM
MD
LG