Accessibility links

Ингушетиядағы өкімет кеңселері және қауіпсіздік бекеттеріне қарулы топтар шабуыл жасады.


Шешен жауынгерлері болуы мүмкін деп күдікке ілініп отырған топтардың Назрань, Қарабұлақ, Спелтсовск қалаларындағы өкімет күштерімен арадағы шайқастары кесірінен, екі жақ шығынын қосып есептегенде, 46-дай адам қаза болған екен. Ингушетияның İшкі істер министрі қызметін атқарушы Абукар Костоев пен тағы екі ресми тұлға да кешегі шайқас барысында қаза тапқандар қатарында болып тұр. Ресей қауіпсіздік күштері шабуыл жасағандардың ізіне түсіп, олардың тығылған жерлерін табуға тырысуда. Шайқас сондай-ақ, Галашки ауылында да жалғасқан екен. Шабуыл жасағандарды тауып, жазаға тартуға Ресей елбасы Владимир Путин бүгін шақырды.
XS
SM
MD
LG