Accessibility links

Наджаф қаласында қақтығыстар жалғасып жатыр


Наджаф қаласында АҚШ жасақтарымен радикалды шиитердің басшысы Моқтада Әл-Садрдың жақтастары арасында қақтығыс жалғасып жатыр. Шайқастардың үзілмей жүріп жатқанына бүгін алтыншы күн. АҚШ сарбаздары дыбыс күшейткіштер арқылы Наджаф қаласының тұрғындарына қайырылып, қақтығыс аймағынан шығып кетуді сұрады. "Қаруланған адамдармен ешқандай келісім табылмады, сабыр сақтап қақтығыс аймақтарынан шығып кетіңіздер, полиция және Ирақ әскеріне көмектесіңіздер", - деп өтінді АҚШ әскерлері.Бүгін, сондай ақ, Бағдадтың Садр Сити ауданында кескілескен шайқастар жалғасып жатыр. Куәлердің айтуынша, шабуылға АҚШ танктерімен Ирақ ұлттық гвардия күштері қатыстырылды. Ирақ оңтүстігінде, керісінше, бүгін тыныш. Кеше мұнда Әл-Садрдың сарбаздарымен болған шайқаста Британия әскерінің бір сарбазы қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG