Accessibility links

Қазақстанның жолаушылар пойызын Стамбұлға дейiн жеткiзуге Ванг көлiн айналып өту қиындық келтiрiп отыр

  • Ескендір ЕРТАЙ

Тамыздың 11-12-сi күндерi Ыстықкөлде Экономикалық әрiптестiк ұйымына мүше елдердiң көлiк және коммуникация министрлерiнiң 5-шi кеңесi өткiзiлуде. Қазақстанның көлiк және коммуникациялар министрлiгiне қарасты “Қазтрансервис” кәсiпорнының басқарма бастығы Арыстан Әлмағамбетовтың айтуынша, онда Ортаазия темiржол желiсi арқылы контейнерлiк және жолаушылар тасымалын үздiксiз жүргiзу жайы қаралып жатыр. Сондай ақ Қазақстан үшiн Алматы-Стамбул бағыты бойынша жолаушылар пойызы мен контейнерлiк жүк тасымалын жүзеге асырудың маңызы зор болып отыр.

Қазақстанның көлiк және коммуникациялар министрлiгi баспасөз хатшысы Қайырбек Сәдуақасовтың хабарлауынша бұл бас қосуға көлiк және коммуникация министрi Қажымұрат Нағманов бастаған делегация қатысуда. Жоғары деңгейдегi кеңестiң басты мақсаты әуе, темiржол, автокөлiк және теңiз жолдарындағы техникалық және әкiмшiлiк кедергiлердi бiрлесiп жою. Экономикалық әрiптестiкке мүше елдердiң мүддесiне зиян келтiрмей ортақ келiсiм шартттарға қол жеткiзу болып табылады.

Қазақстанның көлiк және коммуникациялар министрлiгiне қарасты “Қазтрансервис” кәсiпорнының басқарма бастығы Арыстан Әлмағамбетовтың айтуынша, Ортаазия темiржолы арқылы Алматыдан- Стамбұлға дейiн жолаушылар мен контейнер тасымалына басқа елдер қарсы болып отырған жоқ. «Оған тек Ванг көлiн айналып өту ғана қиындық келтiрiп тұр”,- дейд басқарма бастығы Арыстан Әлмағамбетов.

«Мемлекетаралық келiсiм-шарттардың бiрқатарын Парламенттер мақұлдағанымен оны жүзеге асыру жолында толып жатқан кедергiлер әлi де көп»,- дейдi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Қуаныш Алпысбеков.

“Бұл экономикалық әрiптестiкте Қазақстанның басымдығы барлық жағынан жоғары. Қазақстандағы темiржол саласындағы реформалар көршiлес елдерге қарағанда iлгерiлеп кеткендiктен осының өзi де ортақ жүйелерге керi әсерiн тигiзетiн түрi бар,-” дейдi саясаттанушы Әзiмбай Ғали.

Қазақстанның көлiк және коммуникациялар министрлiгiне қарасты “Қазтрансервис” кәсiпорнының басқарма бастығы Арыстан Әлмағамбетовтың айтуынша, бұл басқосуға көршiлес елдерден басқа Ауғанстан, Иран, Пәкстан, Түркменстаннан да делегаттар қатысуда. Басқосудың күн тәртiбiндегi мәселенiң бiрi аймақтағы контейнер паркiн бiрыңғай мониторингiлiк бақылау жүйесiн енгiзу болып отыр.
XS
SM
MD
LG