Accessibility links

Ипотека арқылы үй алмыз деушілер баспанасыз қалатын түрі бар


Бүгінде Қазақстанда тұрғын үй сатып алу, көлік немесе үйге қымбат жиһаз сатып алу үшін, қомақты қаржы жынап әуре болудың қажеті шамалы. Себебі қазір кез- келген Қазақстан банктерінде несие, ипотекалық несие беріледі. Ол дегеніміз, бастапқы ақшасын беріп қойып , қалған жетіспейтін соманы банк өзі төлейтін болады. Одан кейін белгіленген уақыт ішінде сіз ай сайын өз айлығыңызбен сол несиені жауып отырасыз. Бір қарағанда оңай да қарапайым іс болып көрінгенмен, оның да өз қиындықтары жоқ емес көрінеді.

Бүгінде тұрғын үйді ипотекалық несие арқылы сатып алу елдің көпшілігіне тиімді болып табылады. Олай дейтініміздің басты себебі, қазіргі таңда пәтер сатып алу үшін қомақты қаржы керек. Бүгінде Алматыдағы 1 бөлмелі пәтер бағасы 10 мың АҚШ долларынан жоғары болып тұр.

Егерде қарапыйым тұрғынның айлық жалақысын орта есеппен 20-30 мың теңге деп алғанның өзінде, пәтер сатып алу екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіндігін көруге болады. Сондықтан банктердегі ипотекалық тұрғын үй несиелері, басына баспана аламын дегендер үшін, ең тиімді жол болып саналады. Масимхан Оспанқұловада осы жолды таңдап алып, бірнеше банктердің талаптарын салыстыра келе өз таңдауын «Нұрбанкке» тоқтатқан екен.

- 21-ші шілде күні біз осында келдік. Мына несие алуға , үйімізді сатамыз деп қағаздарымызды заңдастырдық. Барлығын бердік одан кейін бізге кепілдіқ хат берді.

Банктан алған кепілдік наттан кейін барлық ісіміз қағаз жинаумен болды дейді Масимхан Оспанқұлова. - Кепілдік хаттан кейін бізге бұл кісілер тағы басқада қағаздарды алып келіңдер деді. Одан кейін ол қағаздарды тіркеуге апардық. 19-шы тамызда біздің пәтерімізді басқаға сату құқынан айырды. Енді осы 19-шы тамыздан бері не ақшамызды ала алмаймыз, не үйіміз жоқ.

Сөйтіп бүгінде Масимхан Оспанқұлова бастаған бір топ адам өз наразылықтарын білдіру мақсатында «Нұр банк» алдында таңертеңнен бері тұрған екен.

- Күнде – күнде келеміз. Бүгін сағат 11-де деген, ал енді сағат 15-те дейді. Жаңа түскі 13-ке дейін бізді күттіртіп қойды. « Әне қабылдаймын, жарты сағаттан кейін қабылдаймын» деп. Басшылық жоқ деп бізді мына жерде кіргізбейді. Ешкім қабылдамайды. Сонымен бір айдан аса уақыт мына банктің алдында күзетші болып жұмыс істеп жүрміз.

Бізде қандайда бір ақпарат алу мақсатында «Нұрбанкпен» хабарласқан болатынбыз. Дегенмен еш жауап ала алмадық.

Қазақстанның ипотекалық компаниясына кеңес алу мақсатында хабарласқанымызда, несиелерді сатып алу департаментінің бас маманы Әлия Кемелбаева, ол «Нұрбанктің» өзінің жеке бағдарламасы болуы мүмкін бұл жерде мен еш нәрсе айтып көмектесе алмаймын дегенді айтты.

Біріншіден қандай шарт негізінде несие берілгені анықталуы тиіс.ол кісілер өз қолдарын Қандай қағаздарға қойғанын білу қажет. Адам қол қоймас бұрын құжатпен танысып шығуы керек дейде, несиелерді сатып алу департаментінің бас маманы Әлия Кемелбаева.

Ал арызданушылар, өздерінің қол қойған қағаздарында несие 3 күн ішінде беріледі делінген деуде.

- 3-і күні біз мына кепілдік хатын алғаннан кейін 3 күннен кейін ақшамызды алуымыз керек болатын. Бір ай болды не ақшамызды ала алмаймыз, не үйіміз жоқ. Сонымен далада қалып отырмыз.

Жиналған адамдардың айтуынша , олардың қатарында 30 шақты адам бар екен. Ал жалпы осы ипотекалық несие беру бағдарламасы бойынша кезекте тұрған адамдар саны 80-ді құрап отырған көрінеді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG