Accessibility links

Ресей президенті Путин соңғы бір жарым аптада болған террорлық шабуылдардан кейін сенбі күні Ресейліктерге арнайы мәлімдеме жасады


Теледидардан шығып, Владимир Путин, біз Солтүстік Оссетиядағы мектепте болған лаңкестік шабуылға дайын болмай шықтық. 330дан астам адам құрбан болды, деді.

-Жалпы алғанда, біз өз елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан қауіп-қатерді дұрыс түсіне алмағанымызды мойындауымыз керек. Біз ол жағдайға лайықты жауап бере алмадық. Әлсіздігімізді байқатып алдық. Ал, әлсіздерді қашанда соға береді - деді президент Путин.

В.Путин халықты Ресейге қарсы бағытталған халықаралық террормен күресу үшін бірігуге шақырды. Путинның айтуынша, Ресейдің бірлігін нығайту үшін, пәрменді дағдарыс жүйесін құрып, Солтүстік Қапқаздағы жағдайды тікелей бақылайтын жаңа басқару орнын құруға қажетті шаралар іске асырылады, деді. Президенттің жарлығымен дүйсенбі мен сейсенбіні Ресейдегі аза күні деп жариялады.
XS
SM
MD
LG