Accessibility links

Астана қаласындағы ауған соғысының ардагерлері Мәжілістің жаңа шақырылымы «Ардагерлер туралы» заң жобасын қабылдайды деген үмітте


Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлауға Астана қаласы бойынша ауған соғысы ардагерлерінен кандидат жоқ. Өткен мәслихат депутаттығына сайлауда аузымыз күйген. Ол үшін мол қаражат қажет екен. Сондықтанда ауған соғысының ардагері болмаса да бізге қолдау көрсетіп жүрген шынайы кандидатты жақтаймыз. Өйткені, «Ардагерлер туралы» заң жобасы үкімет пен парламенттің арасында жүргеніне аз уақыт болған жоқ., дейді Астана қаласы бойынша ауған соғысы ардагерлер кеңесінің мүшелері.

Олар аталған заң жобасын ендігі сайланатын Мәжіліс депутаттары қолға алады деген үмітте.

«Ардагерлер туралы» заң жобасы үкімет пен парламент арасын жол қылды. Қайда барса да жолы болмайды.

Бізді мәслихатқа, мәжіліске сайлау кезінде ғана кейбір қайраткерлер мен саяси партиялар елеп-ескере қалады. Өздерін қолдасын деген үмітпен. Бірақ біздің өз талабымыз бар. Біз мемлекеттік деңгейде ойлайтын кандидаттарды таңдаймыз, дейді Астана қаласы бойынша ауған соғысы ардагерлер Кеңесінің жетекшісі Игорь Глушенко.

Аталған кеңес мүшесі Серік Кенжебеков те ауған соғысы ардагерлерін елеп-ескерушілер сайлау кезінде ғана табыла кететінін айтады. Оның пікірінше, ауған соғысы ардагерлеріне берілетін көмек көлемін ұлғайту қажет.

Ауған соғысының ардагері Мұратбек Әміржанов та көрсетілетін көмектің аздығын алға тартып отыр.

Ал, қазіргі парламент Мәжілісінің депутаты Мақтай Сағдиев аталған заң жобасы қабылданады деген үмітте. Ол заң жобасын үш рет ұсынып отырмыз, дейді.

Парламент Мәжілісінің алдағы жаңа құрамынан аталған мәселелердің шешімін күтіп отырған ауған соғысының ардагерлері биылғы жылы бірінші рет қолданылатын электронды дауыс беру жүйесіне өз пікірлерін білдірді.

Мұратбек Әміржанов электронды дауыс беру жүйесін қолдау әлі ерте деген пікірде. Ал, Серік Кенжебеков мұндай жүйден жамандық көрмейміз деген ойын айтты.

Сайлау тақырыбы сөз болғанда Қазақстандағы зағип жандардың электронды жүйемен дауыс беруі жайында да сөз болып жүр. Бұл орайда олардың құқықтары қаншалықты сақталған деген сұрақты Конституциялық кеңестің мүшесі Қабылсаят Әбішевке қойғанымызда ол мұны заңмен реттеу керек деген пікірін айтты.

Ал, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Фоос өздігінен дауыс бере алмайтын адам өзі сенген кез-келген сайлаушыға өтініш етіп дауыс бере алатынын айтады. Сондай-ақ ол мұндай көмекті көрсете алмайтын адамдардың тізімі айқындалғанын, оған сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, сенімді өкілдер, журналистер және жергілікті билік өкілдері кіретінін айтады.

Қалай дегенмен сайлау күні жақындаған сайын сайлаушылар өз мұқтаждарын көтеріп, құлаққағыс етуде.
XS
SM
MD
LG