Accessibility links

Лукашенкоға тіл тигізген екі азамат екі жылға сотталды


Беларус елінде президент Александр Лукашенкоға тіл тигізді деген айппен осы аптада екі азамат екі жыл түрмеге кесілді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Беларус сотының үкімін сынап, бұл Беларус еліндегі жөнсіз қатаң жазалаудың тағы бір оқиғасы деп сипаттады. Валерий Леваниеуский және Александр Василиеу 1 мамыр демонстрациясында президент Лукашенконы сынайтын үнпарақтарды таратқан, онда президент Лукашенко мемлекет қаржысын ысырап қылып жатыр деп айтылған екен.

Беларус президенті Александр Лукашенко болса ел басшылығында үшінші мерзімге қалу мүмкіншілігін қарастырып, осы аптадағы шешімімен ұлттық референдум өткізуді ұйғарды.
XS
SM
MD
LG