Accessibility links

Қарағанды облысының Абай қаласында жұқпалы гепатитпен ауырғандардың саны 309-ға жеткен

  • Дәнеш ҰЗАҚ

“Азаттық” радиосының тілшілері Қарағанды обылсыныдағы Абай қаласында бұған дейін жұқпалы А гепатитімен ауырған адамардың саны 251 ге жетті деп хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері Анатолий Белоног: “соңғы мәліметтер бойынша Қарағанды облысының Абай қаласында жұқпалы гепатитпен ауырғандардың саны енді 309 ға жетті”- деп отыр.

-

Қазіргі таңда жұқрпалы гепатитпен ауырғандардың саны 309 ға жетті. 50 адам ауруханадан ем алып шықты, олардың жағдайын біз орташа жеп бағалап отырмыз.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, Абай қаласындағы апатты жағдайдағы су құбырларын жөендеу жұмыстары өте нашар жүргізілуде, әкімшіліктен су құбырларын жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы ретсіз пайдаланылған. Соған орай Анатолий Белоног Абай қаласының тұрғындары әлі де таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеуі мүмкін деп қауіптеніп отырмыз дейді.

-

Су құбырларын жөндеу жұмыстары өте нашар жүргізілуде, Абай қаласының тұрғындары таяу уақытта таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеуі мүмкін деген қауіп бар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері Анатолий Белоног: “қазір Абай қаласындағы ауыз су ішуге жарамсыз деп табылған, ол тек техникалық мақсаттарға пайдаланылуда, ал қажетті ауыз су сырттан су таситын көліктермен әкелініп жатыр” - дейді.

Абай қалалық емханасында гепатитпен ауырып түскенердің саны мен оларды халы туралы білмек болған сұрағымызға Абай қаласының орталық еманасының бастығы Ақылбек Төлекин: “телефон арқылы ешқандай мәлімет бермеймін” - деп жауап берді.

Абай қаласындағы су құбырларының жөнделуіне қатысты Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға хабарласқанымызда осы мекеменің аты-жөнін айтпаған қызметкері телефон арқылы мәлімет беруден бас тартты.

- Су құбырларының қаншалықты жөнделіп жатқандығы туралы мәліметті мен телефон арқылы бере алмаймын.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері Анатолий Белоног: Абай қаласындағы жұқпалы гепатиттің тарауына кінәлі орындар басшыларының әрекеті енді Қарағанды облыстық прокуратурасында қаралатын болады деп мәлімдеп отыр.

-

Осы оқиғаға қатысты барлық іс облыстық прокуратураға тапсырылды.

Қазақстан Респубилкасының санитарық қызметі Абай қаласындағы жұқпалы гепатиттің беті бірнеше күннен кейін қайтады деп отыр. Алайда санитарлық бақылау мамандары Абай қаласындағы жол бойындағы су құбырларынлдағы 200 ден астам тесілген жерлермен аптты жағдайдағы құбыр тіреулерін тез арада жөндемесе, қалада жұқпалы гепатиттің жаңа ошақтары пайда болуы әбден мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG