Америка Құрама Штаттары Ирақта 342 тонна жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуын тергейтінін мәлімдеп отыр. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Эрели Саддам Хусеиннің режимі құлағаннан кейінгі Ирақта қару-жарақ қоймаларын қорғауға бағытталған АҚШ-тың іс-қимылын қорғауға тырысып, бірақ Ирақтағы барлық қару-жарақ қоймаларын түгел күзету АҚШ күштері үшін мүмкін болмады деп мәлімдеді. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ - ядролық қаруды іске қосатын детонатор жасауға немесе ұшақтар мен ғимараттарды жаруға болатын жарылғыш заттардың Ирақта із-түссіз жоғалғанын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне ресми түрден хабарлады.
Адам Эрели: Америка Құрама Штаттары Ирақта 342 тонна жарылғыш заттың із-түссіз жоғалуын тергейді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?