Accessibility links

Украинадағы президенттік сайлауға бір күн қалғанда батысшыл үміткер Юшенко сайлау кезінде бұрмалаушылық болады деп ескертсе, Ресейшіл үміткер Янукович бейбітшілікке шақырады


Виктор Юшенко Украинаның ЕуроОдақ, НАТО ұйымдарына қосылуын қаласа, қызмет басындағы президент Кучма өз оппоненті бас министр Януковичті қолдайды.

-Биліктегілер сайлау нәтижесін бұрмалап дауыс берушілердің құқын бұзады, - дейді Юшшенко Ал Янукович күш қолдануға қарсы екендігін айтады. -Біз билікті күшпен алуға мүмкіндік бермеуіміз керек. Демократия жолымен жүріп дауыс беруіміз қажет. Кімде кім заңсыз әрекетке жол берсе Украина заңымен жазалануы тиіс, дейді үміткер Янукович.

Юшшенконың қолдаушылары сайлау өтісімен дүйсенбі күні Үкімет үйі алдында үлкен шеруге жиналмақ. -
XS
SM
MD
LG