Accessibility links

Қазақстанның кен орындарын игеріп жатқан компаниялар өз үлестерін сататын болса оны бірінші кезекте мемлекеттің сатып алуына басымдық бар

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Бұл Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты қабылдап, Президент қол қоюына жолданған кейбір заң актілеріне жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында көзделіпті.

Парламент Сенатының депутаты Жандарбек Кәкішев 1990-шы жылдары экономиканың қиын кезінде көп жер қойнауын шетелдің компанияларына бердік. Зейнетақыны, еңбекақыны төлей алмай жүрдік. Енді қазір экономикалық жағдай өзгерді.Зейнетақыны, еңбекақыны төлей аламыз.Сондықтанда көп жағдайда жер қойнауының көбін қайтарып алуға жағдайымыз бар. Егер шетел компаниялары өз үлестерін сатамыз десе, Қазақстан бірінші сатып алады. Тартып алу деген жоқ. Қазір «БритишГаз» Каспий теңізіндегі өзінің үлесін сатып жатыр. Қазақстан келісім жұмыстарын жүргізуде, - дейді.

Сенат депутаты Уәлихан Қайсаров қазіргі уақытта Қазақстанның кен орындарында жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларының көбісі ел экономикасының қиын кезінде келді. Ол кезде инвесторларды таңдауға ешқандай мүмкіншілік болған жоқ. Келіп әйтеуір жұмысты алға алып кетсін дедік. Бірақ қазір жағдай өзгерді. Соңғы бес жылдың ішінде ішік жалпы өнімді 2,5 есеге көбейттік. Енді өз экономикамызға үкімет тарапынан инвестиция салуға болады, мүмкіндік бар дейді.

«Мұнай» ғылыми-техникалық орталығының бас директоры Нәдір Нәдіров заң жобасында мұнай өзгерістердің қаралуын құптайды. Егер шетел компаниялары үлестерін сатып, оны үкімет сатып алып жатса, ол жақсы. Екінші жағынан нарық бағасымен деген бір сөзді қосып жіберді. Ал, базар бағасы қымбат. Айтар болсақ, кейбір кен орындарын баяғыда 2 миллион долларға сатып алған. Ал, қазір оны 25 милллион-40 миллион деп отыр дейді.

Ал, заң жобасы өмірге жолдама алып жатса, ұтылатын немесе ұтатындар кім болмақ дегенге, Нәдір Нәдіров былайша алыстан қарасаңыз шетел компаниялары ұтылады. Ал, терең қарасаңыз олар кен орындарын сатып алып екі-үш жылдан кейін қайтадан мемлекетке сатамыз деп бағасын көтеріп сатса, онда мемлекет ұтылады. Егер бұрынғы алған бағасымен сатса, онда олар ұтылады дейді. Нәдіров мырзаның айтуынша, Қазақстан кен орындарының ең үлкендерін шетел компаниялары игеруде.

Аталған заң жобасына орай айтқан пікірінде философия ғылымдарының докторы,профессор Қамалбай Марданов аталған мәселенің кеш те болса қолға алынғанын айтты.

Мемлекет Басшысының қол қоюына жолданған заң жобасында экологиялық талаптарды қатайтуға бағытталған және басқа да өзгерістер қаралыпты.
XS
SM
MD
LG