Accessibility links

Дүние жүзі елдерінің жетекшілері Палестина автономиясының лидері Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр


Дүние жүзі елдерінің жетекшілері Палестина автономиясының лидері Ясир Арафаттың қайтыс болуына байланысты көңіл айтып жатыр. Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон – Арафаттың дүние салуы – Израил мен Палестина арасына тыныштық әкеледі деп үміттенеді: "соңғы оқиға, бәлкім, Таяу Шығыста тарихи бетбұрыс жасауға мүмкіндік берер. Тыныштықтың орнауын қалайтын Израиль Палестинамен арадағы саяси келісімге келуге бағытталған іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді”. АҚШ президенті Джордж Буш та көңіл айтып, болашақ – тыныштық пен Палестина халқының тәуелсіздік пен демократиялық мемлекет құрудағы аңсағанына жеткізер деген үмітін білдірді. Ресей президенті В.Путин, БҰҰ-ының бас хатшысы Кофи Аннан және басқалар да көңіл айтысты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG