Accessibility links

Иран АҚШ министрінің мәлімдемесін жоққа шығарды


АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Иран зымырандарына ядролық қару қондыру мүмкіншіліктерін қарастырып жатыр деп мәлімдеген болатын. Ресми Тегеран бұл сөзді кеше негізсіз деп тапты. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Азефи АҚШ министрі Пауелл өз барлау бұлақтарын тексерсе жөн деп айтты. Еуропа Одағының сыртқы саясат үйлестірушісі Хавиер Солана өз мәлімдемесінде Пауеллдің сөзімен келіскен жоқ, зымыран жүйесінде ядролық оқтұмсықтың болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін деді.
XS
SM
MD
LG