Accessibility links

Ирақтың экс-диктаторы С.Хусеинге әскери және адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары сынды 7 бап бойынша айыптар тағылады.


ВАШИНГТОН: Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеиннің ісі бойынша сот процесі 30 қаңтарға белгіленген жаппай сайлаудың ізінше басталады. Кеше Франс Пресс агенттігіне Ирақтың уақытша көлік министрі Хатим Султан Әл-Арис осылай деп хабарлады. Осыған дейін Ирақ өкілдері С.Хусеиннің соты сайлауға дейін басталатынын айтып келген болатын. Оның атап көрсетуінше, экс-диктатордың ісі бойынша АҚШ-тың 21 тергеушісі ақпар жинауда. 1 жыл бұрын Ирақтағы АҚШ армиясының қолына түскен С.Хусеинге 7 бап, оның ішінде әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы жасаған қылмыстары бойынша айыптар тағылмақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG