Accessibility links

Генерал Н.Шепель: “Бесландағы мектепке шабуыл жасаған 31 лаңкестің 17-сі анықталды”.


МӘСКЕУ: Россия прокуратурасының өкілі генерал Николай Шепельдің мәлімдеуінше, осыдан 4 ай бұрын Бесландағы мектепке шабуыл жасаған 31 лаңкестің 17-сі анықталды. Оның атап көрсетуінше, лаңкестердің екеуі Таяу Шығыстан шығуы мүмкін деп санап, тиесілі құжаттарды Интерполға жолдаған. Беслан мектебіне жасалған қастандықты өз жауапкершілігіне алған Чешенстандағы дала қолбасшысы Шамиль Басаев мектепті басып алғандардың екеуі арабтар болғанын атап көрсеткен көрінеді. Бесланда 1-3 қыркүйек күні болған оқиға барысында кепілдікте болған 330-дан аса адам, басым көбі мектеп оқушылары қаза болды.
XS
SM
MD
LG