Accessibility links

Х.М.Баррозо (ЕуроОдақ): “М.Аббастың жеңісі – өміршең әрі демократиялық Палестина мемлекетін құру үшін өте маңызды қадам”


ЕуроОдақтың басшылығы Палестинадағы кеше болып өткені президент сайлауының нәтижесін қуанышпен қабылдады. ЕуроКомиссияның президенті Хосе Мануэль Баррозо “Махмуд Аббастың жеңісі – өміршең әрі демократиялық Палестина мемлекетін құру үшін өте маңызды қадам” –деп бағалады. Оның атап көрсетуінше, ендігі жерде осы аймақта ұзақ мерзімге тыныштық орнауға кепіл үшін оған мүдделі жақтардың барлығы күш біріктіруге тиіс”. М.Аббас пен Израиль премьері А.Шарон өзара таяу күндері бас қосқысы келетіндерін мәлімдеді және одан көп үміт кетуге тұрады”, -деп атап кқөрсетті ЕуроКомиссия президенті. Палестинадағы экстремистік топтардың бірі – Хамастің өкілі М.Аббаспен ынтымақтасқысы келетінін хабарлады. АҚШ, Франция, Израиль де Палестина мен Израиль қатынастарының болашағына жақсы үміт артатындарын айтысты.
XS
SM
MD
LG