Accessibility links

Хорватияда елбасылық сайлаулардың келесі сатысы жүруде


Елбасы Степан Месичке сайлаушылар сенім артатын түрі бар. Бұрынғы Югославия құрамында болған бұл елді Еуропа одағына мүшелікке бастап апаруға Месич мырза тырысуда. Екі апта бұрынғы сайлаулардың алғашқы сатысында ол 49 пайызбен айқын түрде жеңіске жеткен болатын. Дей тұрғанмен, толық жеңіске көрсеткіш біраз жетпей қалған еді. Екінші үміткер, алғашқы сатыда 20 пайыз дауыс жинақтаған өкімет басшысының орынбасары Ядранка Косор да Еуропа одағына елдің мүшелігін қолдауда. Елдің аталған ұйымға мүшелікке өтуі 2009-шы жылға жоспарлануда. Ел тұрғындарының 4 миллиондайы сайлауға дауыс беруге хұқы бар. 6 мың 500-дей сайлау бекеттері кешкі сағат 7-ге дейін жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG