Accessibility links

Ливан оппозициясы О.Қарамидің үкімет басына қайта тағайындалуын “арандатушылық” деп бағалады


БЕЙРУТ. Бүгін Ливан президенті Эмиль Лахуд премьер-министр лауазымына тағы да Омар Қарамиді тағайындап, оған мамыр айында өтетін сайлауға дейін жаңа үкіметті жасақтау міндетін жүктеді. Өз кезегінде Омар Қарами елдегі барлық күшті “ұлтты құтқаратын” бірлік үкіметін жасақтауға шақырды. Ол іске барлық күш жұмыла кіріспесе елдің құлдырауы мүмкін деп ескертті. Алайда, оппозицияның бірнеше жетекшісі оның ұсынысын қабылдамай, Қарамидің үкімет басына қайта тағайындалуын “арандатушылық” деп бағалады.

Сирияға жалтақтайтын О.Қарами, ақпанның 14-күні қастандықпен өлтірілген бұрынғы премьер Рафик Әл-Хариридің қазасына байланысты өткен аптада Ливан оппозициясының талабы бойынша үкімет басынан кеткен болатын. Ливан оппозициясы ол қастандық үшін жауапкершілікті Сирия мен төл үкіметіне жүктеді. АҚШ президенті Дж.Буш Дамаскіні Ливанның ішкі саясатына қысым көрсетті деп айыптап, сирия әскерін Ливаннан дереу шығаруды талап етті, ал Сирияның Ливандағы 14 мыңдық әскери күшін шекараға қарай көшіруін “жартыкеш шара” деп атады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG