Accessibility links

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Азияның алты еліне сапарын Оңтүстік Кореяда жалғастырды.


Хатшының Оңтүстік Корея басшыларымен талқылаулары Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегінде болды. Бүгін ертерекТокиода болғанында Райс Солтүстік Кореяны алтыжақты келісімдерді тез арада қайта жаңғыртуға шақырды:

-Маған мұны ашық айтуға рұхсат етіңіздер. Солтүстік Корея болашақты барлаймын десе, біз жане басқа да жақтар ұсынып отырғандай, алтыжақты келіссөздерге шұғыл оралуы тиіс,-деп атап көрсеткен ол.

Кондолиза Райс АҚШ Солтүстік Кореяға көпжақты қауіпсіздік кепілдігін ұсынуға дайын деген. Ядролық қаруымыз бар деп мәлімдеген Солтүстік Корея, Райс өзінің Солтүстік Корея турасында оны "зұлымдық шекарасы" деп атаған сөзі үшін кешірім сұрамаса, Вашингтонмен ешқандай тілдесулер болмайтынын айтқан болатын.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG