Accessibility links

Беларус полициясы кеше 100 адамды тұтқынға алды.


«Президент Александр Лукашенко отставкаға кетсін» деген талаппен рұхсат етілмеген митингке жиналғандарды полиция күштеп таратты. Президент кеңсесі алдындағы алаңға шамамен 2 мыңдай адам шыққан. Полиция жиналғандарды күшпен таратып, 100-дей адамды тұтқынға алды, жараланғандар да болған. Шерушілердің көбі 1 қаңтардан Ресейден әкелінетін тауарларға салынатын қосымша құн салығының 18 процентке өсуіне наразылық танытушы саудагерлер екен.

Беларус оппозициясын жақтаушылар өткен жылы Лукашенконың үшінші мерзімге президент болып сайлануына мүмкіндік беретін өзгерістерді енгізу үшін болған референдум мен сайлаудың нәтижелері қолдан жасалды, бұрмалаушылықтар болды деп сынға алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG