Accessibility links

Европа одағы Қырғызстанға 25 миллион еуро көмек бөлмекші


Бүгін Европа одағы саяси дағдарысты еңсеру үшін Қырғызстанға көмек ретінде 25 миллион еуро бөлетіндіктерін айтты. Бұл туралы Бішкекте журналистер алдында мәлімдеген Европа комиссиясының өкілі аталған қаржы елде жаңа сайлау өткізуге және ұйымдасқан қылмыспен күресуге, сот реформасын жүргізуге жұмсалуы керек деп атап көрсеткен. Ол жаңа президент сайлауын мүмкіндігінше тезірек өткізуге шақырған.

Қырғыз парламенті бейсенбі күні Ақаевтың отставкасына байланысты түпкілікті шешім қабылдауды кейінге қалдырып, жаңа президент сайлауын өткізу мерзімін Ақаевтың мәртебесін анықтаған соң белгілейміз деген келісімге келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG