Accessibility links

Германия канцлері Герхард Шредер Ганноверге келген Ресей президенті Владимир Путинді жылы қарсы алды


Германия канцлері Еуроодақ пен Ресей арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға шақырды. Ганноверде сөйлеген сөзінде, Шредер Германия мен Ресейдің тығыз қарым-қатынастары бүкіл Европаға жәрдем береді деді. Путин бүгін Ганноверде ашылатын өнеркәсіп және технология жәрмеңкесіне қатысады. Сондай-ақ, осы жәрмеңкенің ашылу салтанатына Шешенстан президенті Алу Алханов та келеді.
XS
SM
MD
LG