Accessibility links

Кеше Ирақта болған екі жарылыста 22 адам қаза тапқан


АҚШ елшілігі кеше Ирақ астанасының орталығындағы екі жанкештілік бомба жарылысынан кемінде 22 адам опат болды деп хабарлаған. Ирақ ресмилері тағы 30-дай кісінің түрлі жарақат алғанын айтқан. Интернет парақшада пайда болған мәлімдемеде шабуылдардың біріне әл-Қаиданың Ирақтағы қанатының жауапты екендігі айтылған.

Кеше сондай-ақ Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафари шенеуніктердің үкімет құрамындағы бос орындарға кімдерді бекіту жөнінде келісімге келгендігін айтқан. Ол министрлердің есімдері жексенбі күні жария болады деді.

Ал Ирақ президенті Жалал Талабани кеше өзінің бірінші шетелдік сапарына шығып, Амманда Иордания патшасы Абдулламен кездесті. Келіссөздерден соң ол Иордания мен Ирақ арасындағы қарым-қатынастар жақсарып келеді деп атап көрсеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG