Accessibility links

Әндіжанда болған қантөгісті жағдайды тергеуге шақырған БҰҰ-ның ұсынысын қабылдамаған Өзбекстан әкімшілігінне АҚШ пен Еуропа одағы сын айтты


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің айтуынша, Вашингтон Әндіжанда болған ол қайғылы оқиғаның анық-қанығына жету үшін Өзбекстан президентіне деген өз талаптарын жалғастыра бермек.

Ал ЕуроОдақ өкілі Эмма Удвиннің айтуынша, бір топ дипломаттар мен журналистердің қатысуымен Әндіжанға жасалған қысқа саяхат шынайы ақиқат жөнінде білуге жеткіліксіз.

- Ол күнгі Әндіжан саяхатының мақсаты - айғақты дерек-мәлімет алу болғанымен, әзірше ешқандай анықтыққа ие болмай отырмыз, - деген ЕуроОдақ өкілі.

Енді Өзбекстанда соңғы аптада орын алған жағдайды ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері алдағы дүйсенбіде талқыламақ. Ал әзірше, НАТО бас хатшысы Йаап де Хооп Схеффер Өзбекстанның қазіргі іс-әрекетін сынап, бұл Өзбекстанның НАТО ұйымымен өзара әріптестігіне кесір болып тиюі мүмкін екенін айтқан.

Өзбек үкіметі өткен жұмадағы қақтығыста 169 кісі қаза тапты десе, халықаралық адам құқықтары ұйымдары мен Өзбек оппозициялық топтары қаза болғандар саны кемінде бір мың адам дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG